Көрмеге азық-түлік тауарларының мол таңдауы қойылған. Ас атасынан бастап, ауыз су, кондитерлік, ет, шұжық өнімдерінің түр-түрі бар. Осымен оныншы рет өтіп отырған көрмеге жыл сайын қатысатындармен қатар, жұрт алдына бірінші рет шыққан жаңа кәсіпорындар да бар.
- «Аква-Урал» деп аталатын жаңа кәсіпорын ауыз су өндіреді, - дейді технолог Самал Мерғалиева. - 18,9; 5; 1,5; 0,5 литр құтыларға таза су құйылады. Өнім ұңғымадан алынып, тазартылып, тұтынушыға жеткізіледі.
Оралда 28 мыңға жуық кәсіпкер жұмыс істейді. Шағын және орта бизнес биыл 38 млрд теңгенің өнімін шығарған. Бұл өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 0,1 пайызға артық. Табыс көзін молайтуда, әсіресе, азық-түлік тауарларын өндірушілердің үлесі зор.
- «Сапалы өнім – 2016» қалалық көрмесінің негізгі мақсаты – Орал қаласының азық-түлік тауарларын өндірушілердің өнімін халыққа таныстыру. Және осы жерде басқа да қызығушылық танытқан кәсіпорындармен іскерлік келісімдер жасау, - дейді қалалық кәсіпкерлік бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ерболат Есболсынов.
Отандық кәсіпкерлерді қолдау мемлекеттік бағдарламалар арқылы жүйелі іске асып келеді. Бұл көрмеге де «Жұмыспен қамту жол картасы» және «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларына қатысып, өз кәсібін ашып не кеңейткен жандар қатысуда.
- «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша бір жыл оқыдым. Алты ай тәжірибеден өттік, қазір осы өзімнің кәсібімді аштым. Кондитерлік өнімдер, торт, пирог пісіремін. Қарамғамыда екі адам жұмыс істейді, - дейді жеке кәсіпкер Лариса Қалиева
Мұндай көрме отандық өндірушілердің бәсекелестігін арттыруға да сеп болмақ. Шара соңында бірінші орынды «Нұржанар», үшінші орынды «Белес-Агро» серіктестері жеңіп алды. Ал нарықта жиырма жылдан бері танымал бренд «Кублей» кәсіпорны екінші орынға ие болды.
- Бастапқы кезде тек қана 1000 банкі күніге шығаратын едік. Қазір бір тәулікте 150-200 мыңға жақындап келеді, - дейді «Кублей» ЖШС бас технологы Гүлжазира Кенжеғалиева. - Сонымен қатар 150 түрлі консерві шығарамыз. Биылғы басты жаңалық – жаңа ет өңдеу кешенін аштық. Бұл қарапайым шаруаларға үлкен мүмкіндік.
Көрмеге белсене қатысқан қалған кәсіпорындар да алғысхат, естелік сыйлықтармен марапатталды.
Арман Курманалиев
Оралда азық-түлік тауарларын өндірушілердің көрмесі өтті
Бүгін қала күніне орай «Сапалы өнім – 2016» азық-түлік тауарларын өндірушілердің Х қалалық көрмесі өтті. Дәстүрлі шараға шаһардағы 17 кәсіпорын өз өнімін ұсынды. Отандық кәсіпкерлерді қолдау мақсатындағы көрме соңында үздіктер анықталды.