Төлеген Байғұлов Ақсай қаласы әкімдігіндегі "Қолжетімді әкімдік" жобасының жұмысымен танысты. Ол келушілер үшін қолайлы жағдайларды ұйымдастыруға қатысты ескертулер жасады. Аудан, қала әкімдігі өкілдерінің және жауапты мердігерлермен бірге ауданға келген мейман 5 шағын аудандағы абаттандыру жұмыстары мен аллеяны аралап көрді. Одан соң Ақсай шаһарындағы көп қабатты үйлердің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында шатырлары жөнделген баспаналарды көрді.
Тексеру барысында Төлеген Байғұлов 4 шағын аудандағы 5 және 6 үйлердің тұрғындарымен тілдесті. Сондай-ақ, ол жол құрылысы жүргізіліп жатқан көшелердегі жұмыстардың сапасын тексерді. Оның ішінде қаланың оңтүстік бөлігінде және Құрылыс-4 көшелеріндегі жолдарды бақылады.
10 шағын аудандағы 29 үйдің тұрғындарының шағымын тыңдады. Сондай-ақ, агенттік өкілдері жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталыққа барды.
Жұмыс сапары Бөрлі ауылында аяқталды. "Қолжетімді әкімдік" жұмысы тексеріліп, ауылдағы денешынықтыру сауықтыру кешенін қаралды.
Арман КУРМАНАЛИЕВ
Мы дорожим каждым нашим подписчиком и читателем, поэтому, пожалуйста, внимательно ознакомьтесь с рекомендациями при комментировании.