Қарағанды облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті өңірдегі бір департамент басшысы пара алды деген істің сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын аяқтады. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады. Күдікке ілінген департамент басшысы орындалған жұмыстың аксіне қол қойғаны үшін кәсіпкерден бір миллион теңге көлемінде пара алыпты-мыс. Бұған қоса, айыпталушы жалған жұмыспен қамтылғандардың есепшотына жалақы, сыйақы және іссапар шығындарын аударып, қазына қаржысын жымқырды деп айып тағылған. Мемлекетке келген шығын 2,5 миллион теңгені құрайды. Қазіргі таңда айыпталушылар сотқа тартылды.