Қазақстандықтар салық берешегін 1414 хабарласып, біле алады. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік кірістер департаменті хабарлады.
Департамент қызметкерлері:
— Мемлекеттік кірістер комитеті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен бірлесіп Бірыңғай байланыс-орталығында салық берешегінің бар/жоқтығын автоматты тексерудің тез бейімделетін сервисін іске қосты. Ол үшін жеке тұлғаға 1414 нөміріне қоңырау шалып, дауыстық роботқа қарыз туралы сұрақ қоюы жеткілікті,- дейді.
Абонентті сәйкестендіру телефон нөмірі және абоненттің жеке сәйкестендіру нөмірі арқылы автоматтандырылған тәртіппен мобильді азаматтары базасында тіркелген нөміріне жіберілетін SMS -коды бойынша қамтамасыз етіледі.
Салық берешегі болса, робот қоңырау шалған адамға айтып, артынша телефонға смс хабарлама жіберіледі.