Облыс прокуратурасы кәсіпкерлердің құқығын қорғау заңнамасы бойынша 48 заңбұзушылық анықтаған. Жыл басынан бері 4 тексеріс жүргізіліпті. Көп жағдайда бизнес өкілдерінің қаржыға байланысты құқығы бұзылған. prokuratura Жаңақала ауданында ауыл кәсіпкерлерінен мәдени-бұқаралық шаралар үшін деп жианалған қаражаттың бір бөлігі қолды болған. 2015 жылы «Қамыс-Самар» қорына 2 миллионнан астам теңге қаржы түскен. Прокурорлық тексеріс барысында қордан 300 мың теңге жымқырылғаны анықталған. Ал қалған қаражат расымен де мәдени-көпшілік шараларды өткізуге жұмсалған. Жауапты тұлғаларға тиісті шешім шығаралды. Ал Жәнібек ауданында мемлекеттік кірістер басқармасы Нығметов есімді кәсіпкерді әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Кәсіпкердің кінәсі анықталған. Бірақ одан 29 мың теңге көлеміндегі айыппұлдың орнына 16 миллион теңге қаражат төлеуді талап еткен. Облыстың денсаулық сақтау басқармасы да прокурорлардың назарынан тыс қалмапты. Бұл салада 16 кәсіпкер ұзақ мерзім бойына тендерге қатысу үшін енгізілген қаражатын ала алмаған. Прокурорлар ықпалымен ғана бүгінде кәсіпкерлерге 20 млн т астам қаржы қайтарылған. Ал Сырым, Бөкей ордасы, Ақжайық, Қаратөбе, Зеленов аудандарындағы емханаларда дәріханалардың заңсыз қызмет етуі әшкереленген. Жалпы жыл басынан бері прокуратураның жедел тобына мемлекеттік органдар мен ұйымдардың заңсыз әрекетіне қатысты кәсіпкерлерден 15 дабыл келіп түскен. Оның 7-і расталған. Көрсетілген күрделі мәселелерді шешу үшін мемлекетттік органдардың, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Нұр Отан» партиясының жанындағы кәсіпкерлікке қолдау көрсету республикалық қоғамдық кеңесінің қатысуымен бес негізгі бағыт бойынша 100-ден астам ұйымдық-практикалық, құқықтық шараларын қарастыратын Жол картасы әзірленді: 1) Бақылау органдарының тарапынан қысымды төмендету; 2) Қылмыстық процесте кәсіпкерлердің құқығын қорғау; 3) Азаматтық және әкімшілік процестерде кәсіпкерлдердің құқығын қорғау; 4) Бизнесті дамыту үшін әкімшілік тосқауылдарды жою; 5) Бизнестің жаппай дамуы. Жол картасын жүзеге асыру шеңберінде Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасымен облысымызда кәсіпкерліктің қалыпты жүргізілуіне және дамуына кедергі келтіретін әкімшілік тосқауылдарды анықтауды қарастыратын «Бизнес климатын жақсарту» жобасы дайындалып жатыр. Бүгінгі күні мемлекеттік органдармен және өңірлік кәсіпкерлік палатасымен бірлесе отырып, осы бағытта соның ішінде қолданыстағы заңнаманы жетілдіру бойынша нақты ұсынымдар әзірленді. Сонымен қатар, осы жұмыста күрделі мәселелермен әкімшілік тосқауылдарға тап болатын кәсіпкерлердің өздерінің тікелей қатысуын маңызды және қажетті деп санаймыз.  
Арман Курманалиев