Оралда Зачаганск кентінің тұрғындары тіршілік нәрінен тарығып отыр. Шағымданған оралдықтар редакциямызға хабарласты. Әзірбайжан көшесінде апат болған.
Сусыз отырмыз. Дүкендерде тіршілік нәрі таусылды. Суды да бір-екі көшенің бойына әкелді. Онда ұзын-сонар кезек. Егде жастағы біздерге қиын. Суды жоғары қабатқа көтеру де оңай емес. Оның қашан беретінін ешкім айтпайды. Тіршілік нәрін бүгін бермесе суды әкелетін техниканы неге көбейтпейді? — деп тұрғындар мұңын шақты.

Қала әкімдігі Әзірбайжан көшесінде Батыс су арнасының бригадасы жұмыс істеп жатырғанын хабарлады. Түнгі екіге дейін тіршілік нәрі қосалады деп сендірді.