Бүгін 30 наурыз күні Ықсанов көшесінің бойында ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге Бәйтерек, Қаратөбе, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау аудандарының, Орал қаласы және қайта өңдеу кәсіпорындарымен барлығы 96 тауарөндірушілер қатысты. Жәрмеңкеде барлығы 3 бас жылқы еті, 16 бас сиыр еті, 27 000 дана жұмыртқа, 6,3 тонна картоп, 0,3 тонна қырыққабат, 0,7 тонна сәбіз, 0,6 тонна пияз, 3,7 тонна балық, сондай-ақ шұжық, сүт өнімдері жеміс-жидектер барлығы жалпы 2,9 млн. тенгеге сатылды. Жәрмеңкеде бағалар нарықтағы бағадан 15-20% төмен болды. Тауарөндірушілерге сауда орындары тегін берілді. Арман КУРМАНАЛИЕВ Мы дорожим каждым нашим подписчиком и читателем, поэтому, пожалуйста, внимательно ознакомьтесь с рекомендациями при комментировании.