Облыс орталығында тазалық айлығы басталды. Алғашқы сенбілік 29 наурызда ұйымдастырылды. Орал қаласы әкімдігінің таратқан ақпарына сүйенсек, жиыстыру барысында 400 тонна қоқыс шығарылыпты. Сенбілікте 40 жуық техника жұмылдырылған. Санитарлық-экологиялық шараға қала тұрғындары, түрлі мекеме қызметкерлері мен студент жастар қатысты. Сенбілік кезінде шаһар көшелерін, скверлерді, тынымбақтарды тұрмыстық қоқыстардан, құрғақ бұталар мен жапырақтардан тазарту жұмысы жүргізілді.
Санитарлық-экологиялық айлық 29 наурыздан бастап 26 сәуірге дейін жалғаспақ.