«Экономика, ақпараттық технологиялар және кәсіби білім беру» институт оқытушылары ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады. Оқытушылар жыл сайынғы өтетін халықаралық, республикалық, аймақтық және университеттік ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысу қорытындылары бойынша жүлделі орындарға ие.

Біздің түлектеріміз бүгінгі күні әр түрлі бизнес құрылымдарында, банктерде, азық-түлік және қайта өңдеу саласындағы кәсіпорындарда, қызмет саласында, мемлекеттік басқару органдарында, салық органдарында және басқа да мекемелерде табысты жұмыс атқарады.

Қазіргі таңда бірнеше ғылыми бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жоғары мектепте ақпаратты өңдеу және басқару жүйелерін жобалаудың әртүрлі аспектілеріне байланысты мәселелер бойынша белсенді ғылыми қызмет жүргізіледі. Жобалар ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша, жеке бастама бойынша орындалуда. Ғылыми қызметке жоғары мектепте оқитын білім алушылар белсенді түрде тартылады.

«Экономика, ақпараттық технологиялар және кәсіби білім беру» институты базасында білім алушылардың әдіснамалық мәдениеті мен бейіндері бойынша тәжірибелік дағдыларын дамытуға арналған «Мультимедиялық технологиялар», «Бағдарламалау технологиясы», «Табыс» және «Робототехника», «Педагогикалық ізденіс» ғылыми-әдістемелік, «Мерген» тәжірибелік үйірмелері жұмыс істейді.

Білім алушыларымыз Халықаралық және Республикалық олимпиадаларға белсенді қатысып жүлделі орындар алып жүр. Атап өтсек: ИС-32 тобының студенттері ТемрешовА.Э., Кустанова М.А., Камелов Н.Н., БЭК-42 тобының студенттері Арыстанова М.А., Сибағатов С.Ж., Харчев Н.В. халықаралық және респуликалық  пәндік олимпиада жеңімпаздары. БМУ-41 тобының студенті Имангалиева М.Н. - республикалық «Менің арманым» атты жастардың бизнес-жоспары сайысының жеңімпазы. Баймұханов А. «ATAMEKEN-STARTUP», «Жастар кадрлық қорығы» байқауларына қатысып, «Жылдың үздік студенті» номинациясының жеңімпазы атанды. Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ұйымдастырған «Қаржы – мәртебелі мамандық» іскерлік ойынында «Қаржы» ББ командасы екінші орынды иеленді.

Студенттер өздерінің кәсіби-педагогикалық және спорттық шеберліктерін шыңдауға сабақтан тыс уақытта семинарларға, тәжірибелік конференцияларға, әртүрлі спорт түрлері бойынша «Жәңгір хан» заманауи спорттық кешені, шағын спорт залдардағы секцияларға мүше. Соның нәтижесінде жоғары мектептегі бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру бейіндерінен студенттер арасында әртүрлі спорт түрлері бойынша 30-дан астам спорт шеберлігіне үміткер, 10-ға жуық спорт шебері және халықаралық, республикалық спорттық жарыстардың жеңімпаздары бар. Олар: ФКиС-12 тобының студенті Бровкова Мария Сергеевна байдарка мен каноэ есуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР чемпионатының «Абсолютті чемпионы», халықаралық турнирдің жеңімпазы, Азия чемпионатының күміс жүлдегері, әлем чемпионатының жеңімпазы болды. Ернұр Сағыналин - 1-курс студенті Спорттық бағдарлаудан кіші жасөспірімдер арасында ҚР чемпионаты мен жасөспірімдер мен ересектер арасындағы ҚР кубогында БҚО құрамасының сапында болған, орта қашықтық бойынша 1 орынды иеленді. ФКиС-17(3) тобының студенті Тілекқабылов Жалғас Әділсейтұлы белбеу күресінен спорт шебері, ҚР чемпионатының және әлем чемпионатының қола жүлдегері, жауынгерлік самбодан ҚР чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Жоғары мектепте алыс-жақын шетел ЖОО ғылыми-педагогикалық кадрларымен алмасу және жас ғалымдардың тағылымдамадан өтуі тұрақты түрде жүргізілуде (Оңтүстік корея, Мәскеу, Рига, Саратов, Самара, Оренбург және т.б.).

Корея университетінің азық-түлік және ресурстар экономикасы кафедрасының профессоры Сунг Су Лим Экономика бағдарламасы бойынша магистранттарға «Инновациялық жобаларды бизнес-жоспарлау» және

«Экономика», «Менеджмент», «Аудит және салық салу», «Қаржы» ОП бакалавриат студенттеріне арналған «Экономикалық зерттеулер және бизнес-жоспарлау» курсы бойынша сабақтар өткізді.

Бүгінгі күні нарықтың сұранысына  байланысты институтымызда 6В04100 – Экономика, 6В04101 – Менеджмент, 6В04102 - Аудит және салық салу, 6В04103 – Қаржы, 6B04105 - Экономика және бизнес-аналитика, 6B04107 - Есеп, аудит және бизнесті бағалау, 6В04108 - Қаржылық аналитика, 6В01401 - Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру, 6В01402 - Кәсіптік оқыту (бейін бойынша), 6В01404 - Визуалды өнер, көркем еңбек және графика, 6В06100 - Ақпараттық жүйелер және технологиялар және 6В01405 - Дене шынықтыру және спорт  білім беру бағдарламалары бар.

Биылғы оқу жылында жұмыс берушілердің сұранысы бойынша жаңадан білім беру бағдарламалары:

  •  6В06102 - Цифрлық экономика - білім беру бағдарламаларында білім алушылар  экономика және менеджмент, заманауи IT-технологиялар және цифрлық экономика салаларында кең ауқымды практикалық білім алады; цифрлық компаниялар үшін жаңа бизнес үлгілерін қалыптастыру дағдыларын меңгереді және салалық ерекшеліктерді ескере отырып, ұйымдарды трансформациялау жағдайларын қарастырады. Бағдарламаның түлектері Қазақстанда және басқа елдерде экономиканың кез келген секторында сұранысқа ие әмбебап құзыреттерге ие болады.
  •  6В04106 - Цифрлық экономикадағы менеджмент - Бағдарлама экономиканың цифрлық трансформациясы жағдайында бизнестің тұрақты дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге қабілетті білікті мамандар ретінде бакалаврларды даярлауға бағытталған.
  •  6В04109 – Индустриалдық менеджмент - Бұл сала машина жасау саласында да, экономика және менеджмент саласында да өнеркәсіптік кәсіпорындардағы жалпы менеджмент, сапа менеджменті, бақылау, өндіріс және логистика сияқты мәселелерді шешуге қабілетті заманауи мамандар даярлауға бағытталған. Сіз нақты операциялар мен өндірістер мен жүйелерді басқару әдістерін, олар нақты өмірдегі компанияларда қалай болатынын білесіз. Өндірістік оқыту өндіріс, өндіріс, бақылау, қызмет көрсету, сатып алу, сату және басқарудың жаһандық желілері мен жобалары бойынша практикалық сабақтардан өтуге мүмкіндік береді.
  •  6В11301 – Бизнес логистика - Бұл жасанды интеллект пен цифрлық технологияларға негізделген логистикалық жүйелердің қарқынды дамуымен байланысты 21 ғасырдың мамандығы. Логистика материалдық, қаржылық және ақпараттық ресурстар қозғалысын үйлестірілген басқару арқылы бизнестің табыстылығын арттырады. Логистика экономикалық, техникалық және ақпараттық құрамдастарды біріктіреді. Логистика бизнестің кез келген саласында, соның ішінде IT, өндіріс, сауда және қызмет көрсету салаларында мансапты құруға мүмкіндік береді.

6В06101 – Агроинформатика - ғылыми-техникалық прогресс пен ауыл шаруашылығының жетістіктерін біріктіреді. Яғни, ол ауыл шаруашылығы жұмыстарын автоматтандыруға, заманауи техникаларды, технологиялық жүйелер мен бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуге маманданған.

7М04100, 7М04110 – Экономика, 7М04101, 7М04111 - Мемлекеттік және жергілікті басқару, 7М06100, 7М06110 - Ақпараттық жүйелер және технологиялар Білім беру бағдарламалары бойынша магистрлерді дайындайды.

Институттің білім алушыларды жылма жыл академиялық ұтқырлығы университетаралық ынтымақтастық келісімдері, алмасу, шәкіртақы бағдарламалары, халықаралық бағдарламалар, меморандумдар аясында жүзеге асырылады.

Білім алушылар сыртқы және ішкі академиялық ұтқырлық бойынша еліміздегі және шет елдердің жоғары оқу орындарында білім алу мүмкіндіктеріне ие. Даму үшін ауылшаруашылық университеттерінің консорциумы аясында ұйымдастырылған Орталық Азия және Оңтүстік Кавказ елдерінің Экономика және менеджмент халықаралық мектебінің серіктес университеттері CASCADE бағдарламасы бойынша, Польша елінің Лодзь университеті, Алматы технологиялық университеті Қазан (Еділ бойы) Федералдық  университеті және басқа ЖОО академиялық ұтқырлық бағдарламасы оздырылды.

 «Экономика, ақпараттық технологиялар және кәсіби білім беру» институтының заманауи мамандықтарына мектеп түлектерін шақырамыз!

wkau.kz

https://www.instagram.com/bqatu_wkau/

Лицензия №KZ15LAA00007594 от 20.07.2016 г. выдана Комитетом по контролю в сфере образования и науки МОН РК.