Саусақпен санарлық мәдениет және руханият меценаттарының көшбасшысы Мұрат Жәкібаев мереке қарсыңында тағы бір жаңа фильмдерімен қуантты. Бұл азамат ешкім тапсырыс бермей-ақ, ешкім қаржы бөлмей-ақ, өз бастамасымен осыдан он бір жыл бұрын ардагерлер туралы фильм түсіре бастады. Алғашқыда санаулы сарбаздар жайлы деректі фильм болады деген идея келе-келе толысып, Батыс Қазақстан өңіріндегі соғыс жағдайын, тылдағы еңбек, майдангерлер өмірін баяндайтын көркем туындыға, соғыс шежіресіне айналды.
Бұл жолғы «Аман жетсек Жеңіске» және «Бар екен әзірге бар олар, рахмет айтар адамдар» туындылары - Мұрат Жәкібаевтың продюсерлік орталығы түсірген 14-ші, 15-ші фильмдері. Жеңіс сарбаздарын таспаға түсіру идеясы кәсіпкерге шетелде демалып жүрген кезінде келген. Сонда неміс ардагерімен кездесіп, оның қымбат демалыс орнында алаңсыз тынығып жүргеніне куә болады. Жалпы Германиядағы ардагерлерге жоғары жағдай жасалғанын естіп біледі. Сол кезде ол «жеңіліс тапқан жандарға осындай құрмет көрсетілуде. Ал біз өзіміздің жеңімпаз ардагерлерімізге қандай жағдай жасадық?» деп ойға қалады. Ойлана келе ол мәңгі өшпейтін сыйлық – олардың бейнесін таспаға түсіру деп шешеді. Сөйтіп, 2005 жылы Оралда тұңғыш рет «Жеңіс тарихы» атты 9 бөлімді фильмдер топтамасы жарық көрді.«Әр ардагерге алғыс айтып үлгеру – біздің борыш» деп санайды меценат Мұрат Жәкібаев.
Шығармашылық топ өткен жылы үш фильмнің тұсауын кескен еді. Ал алғашқы 9 фильм топтамасында Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарындағы соғыс жағдайы, ардагерлердің өшпес ерлігі, тылдағы ерен еңбек, соғыс балаларының естелігі баяндалады.Кейін қазақтан шыққан тұңғыш ұшқыш қыз, Халық қаһарманы Хиуаз Доспанова және аты аңызға айналған Калашников қаруы туралы туындылар дүниеге келді. Бұл жолғы жаңа картиналар да қарт жауынгерлердің өнегелі әңгімесімен, тарихи естеліктерімен құнды. Әр бөлімнен соң сахнаға көтерілген ардагерлер деректі фильмді түсірген Мұрат Жәкібаев бастаған шығармашылық ұжымға алғысын білдірді.
Бүгіндері жастары 90-нан асқан қариялар «Біз батыр емеспіз, дәм-тұз бұйырған соң ғана аман қалдық» дейді жай ғана. Тек жылдар өткен сайын олардың қатары сиреп, азайып бара жатқаны көңілге мұң ұялатады. Өңір басшысы көрермен қауымды Жеңіс күнімен құттықтап, өз әсерімен бөлісті.
- Мен мына фильмдегі арлдагер ағайды көріп, өзімнің атамды есіме алдым. Менің атам соғысқа қатысқан адам. Бірақ мен кішкентай едім. Соғыстың мағынасын түсінбегендіктен, көп сұрақ қоя алмаппын. Ал қазір көп нәрсе сұрар едім. Бірақ ол жоқ. Есесіне, сіздер барсыздар. Сіздердің жаныңызда жүргенге мен өзімді бақытты санаймын. Біз бақытты ұрпақпыз. Сіздерді көру. Қастарыңызда жүру. Біз осыны бағалауымыз керек. Аман болыңыздар! - деді Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай КӨЛГІНОВ.
Жанкешті ерлікті, тылдағы ерен еңбекті таспаға түсіріп, тарихқа қаттаған Жәкібаевтың азаматтық ісі – көпке үлгі.
Арман Курманалиев
МҰРАТ ЖӘКІБАЕВТЫҢ ТАҒЫ ЕКІ ФИЛЬМІНІҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ
Мамырдың 6-сы күні кәсіпкер, қалалық мәслихат депутаты Мұрат Жәкібаевтың продюссерлік орталығы «Жеңіс тарихы» атты фильмдер топтамасының тағы бір жаңа екі сериясының тұсауын кесті. «Аман жетсек Жеңіске» және «Бар екен әзірге бар олар, рахмет айтар адамдар» атты деректі фильмдер шынайылығымен көрерменге ой салады.