Қазақстанға Оңтүстік Кореялық «Eastar Jet» бюджеттік әуе компаниясына тиесілі ұшақтар қатынай бастады. Бұл туралы көлік министрлігі мәлімдеді. Алғашқы рейс жетінші сәуірде тіркелген.
Әуе компаниясы «Сеул-Алматы» бағытында аптасына екі рейс жиілігімен жолаушыларды тасымалдайды. Бұл өткен жылғы наурызда қос елдің авиациялық билігі арасында болған келіссөздер нәтижесінде болды. Екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастық одан әрі дамымақ, деп көлік министрлігі хабарлады.