Бәйтерек ауданында Мичурин ауылдық мәдениет үйінің шатырын дауыл жұлып әкетті. Ғимараттың шатыры 2010 жылы жөнделіпті. Қазіргі таңда ғимарат электр желісінен ажыратылып, қираған құрылыс материалдары жиыстырылуда, — деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті. Дауылдың зардабын арнайы құрылатын комиссия есептеп, анықтайды. Кейін төбені қалпына келтіру жұмыстары басталмақ.

— Жалпы мұндай жағдайлардың орын алу себептері шатырдың конструкциялары дұрыс орналаспауы немесе апатты жағдайда болуы немесе құрылыс материалдарының дұрыс пайдаланылмауы, құрылыс кезінде әртүрлі сипаттағы ақаулардан кеткен кемшіліктер болып саналады, — дейді Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасы бастығының міндетін атқарушы Азамат Исмаил.