Өңірдегі облыстық, аудандық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы 5 мың шақырымды құрайды. Соның тек 22 пайызының ғана қатқыл табанды, яғни асфальтты қабаты бар. Былтыр үш аудан – Шыңғырлау, Қаратөбе және Жаңақаладан облыс орталығына дейін тікелей жол салынды. Енді қалған 3 аудан – Қазталов, Бөкей ордасы, Жәнібекті қаламен қосу міндеті тұр. Алдыңғы жылдары басталған жобалар биыл да жалғасын табады.
- Биылғы жылға облыстық маңызы бар жолдарға бөлінген қаражат көлемі 6 млрд теңге. Атап айтқанда, Қаратөбе, Шыңғырлау, Сарыөмір, Бұлдырты бағыттарын аяқтаймыз, - дейді БҚО жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының басшысы Марат ҚУАНЫШАЛИЕВ.
Түйіп айтқанда, биыл облыстық және аудандық маңыздағы 119 шақырым жол қайта жаңғыртылмақ. Ал республикалық маңыздағы автокөлік жолдарын жөндеуге 9 млрд теңге бөлінді. Бұл қаржыға 93 шақырым күре жолдың құрылысын салу көзделген. Соның ішінде Орал-Атырау тасжолының 40 шақырымдайын орташа жөндеу де қаралған. Облыс орталығындағы жол жөндеу жұмыстары да биыл әдеттегіден ерте басталды.
- Биыл Орал қаласында жалпы ұзындығы 20 шақырымға жуық 14 көшенің жолы жөнделмек. Бұған түрлі қаржылық көздерден 2 миллиард теңге қаралған. Соның ішінде КПО б.в. компаниясы 9 көшені жаңартуға 1,5 млрд т қаржы бөлді. Достық даңғылы мен Ықсанов көшесінде жұмыс жүріп жатыр. Қазір Циолковский, Жымпиты-Чкалов, Қадыр Мырза Әлі орталығы мен Салтанат сарайы аралығындағы жаңа көшелер секілді 4 нысанды жөндеуге тендерлік шаралар өтуде. Мердігерлер әлі анықталған жоқ, - деп мәлімдеді Орал қалалық түкш, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Қайрат МҰХАМБЕТҚАЛИЕВ.
Жол жөндеуде қолданылған тың тәсіл - салқын ресайклинг әдісі де өз жемісін берді дейді мамандар. Нәтижесінде уақыт үнемделіп, шығын азайған. Бұған дейін бұл технология күрделі жөндеуде қолданылса, биыл орташа жөндеуде пайдаланылған.
Күрделі жөндеу жұмыстарымен қатар, қалада, бірінші кезекте, қоғамдық көлік жүретін көше жолдарының ой-шұңқыры тегістелуде. Сала басшылары қажеттілікке орай кейбір көше жолдарының жабылуына тұрғындардың түсіністікпен қарауын сұрайды.
Арман Курманалиев
БИЫЛ ӨҢІРДЕ ЖАЛПЫ ҰЗЫНДЫҒЫ 230 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛМЕК
Биыл өңірде жалпы ұзындығы 230 шақырым жол жөнделмек. Бұған республикалық және облыстық бюджеттен 15 млрд-тан астам теңге қаражат бөлінді. Ал облыс орталығындағы көшелерді күрделі және жай жөндеу жұмыстары сәуірден бастап қолға алынды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің аймақтық филиалында өткен брифингте сала мамандары жұртшылыққа жария етті.