Бүгін Орал қаласында жедел жәрдем стансасына 21 су жаңа авто көлік табыс етілді
Осылайша медициналық қызмет көрсетудің сапасын оңалту үшін тағы бір іс-шара қолданылып, шақырту түскен мекен-жайға аттанатын көліктер саны артты.

Бұл науқастарға дер кезінде медициналық көмек көрсету үшін маңызды мәселе. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов қатысып, жедел жәрдем қызметінің жұмысымен танысты. Айта кетейік, қазір бұл сала электронды сандық жүйе арқылы жұмыс жасауға көшуде.
Жедел жәрдемнің-техникалық базасын нығайту-адам өмірін құтқарып қалу үшін өзекті мәселе. Осыған дейін бұл саладағы техниканың тозуы 50 пайызды құраса, енді бұл көрсеткіш төмендемек. Техниканы жаңғыртып, қажеттілікпен қамту үшін бөлінген қаражатқа жедел жәрдем қызметі үшін 21 автокөлік сатып алынып отыр.
-«Электронды жүйе арқылы жұмыс жасауда мына цифрлық жұмыстың енуі медициналық қызмет сапасын арттыра түсуге ықпал етіп жатыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Цифрлы Қазақстан» жобасына сай атқарылып жатырған жұмыстың бұл бір бөлігі. Уақытты үнемдеуге де осы жүйенің көмегі көп»,-дейді Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қанат Төсекбаев.
Алдағы жылдан бастап жедел жәрдем қызметіне түскен қоңыраулар сараланып, дереу медициналық көмекке зәру емес шақыртулар емханаларға жолданады. Себебі саптағы көліктер дәрігер көмегіне қатты мұқтаж жандарға көрсетілуі үшін осындай өзгеріс енгізілмек.
Шақырту бойынша жедел жәрдем көлігіне мінген адамның қандай сырқаты бары және оған қандай алғашқы көмек көрсетіліп, дәрі-дәрмек берілгені, барлық ақпарат орталық стансадағы дәрігерлердің бақылауына алынады.
Көмекке зәру адамға ота жасау қажеттігі аурухана жетпей тұрып дәрігерлермен қашықтықтан анықталып, мамандар жаңа жүйе арқылы адам өмірін құтақру қалу үшін ұтқыр іс-әрекет жасауға көшуде№
Атап кететін болсақ, ендігіде жедел-жәрдем автокөліктері сары түске боялмақ болатын. Қазақстан республикасының жер-жерінде бұл жұмыс басталып кетті. Батыс Қазақстан облысында да жаңадан берілген жедел-жәрдем көмек автомашиналары сары түске боялған.
Арман КУРМАНАЛИЕВ