Қазақстанда инфляция 8,6 пайызды құрады. 2024 жылы бұл көрсеткіш 9,8 пайызды құрапты. Бұл туралы қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді. Парламенттің бірлескен палатасының жиынында еліміздің бас қаржыгері: «Бюджет тапшылығы белгіленген шамадан 3,6 триллион теңгені немесе жалпы ішкі өнімге 2,7%-ды құрады. Мемлекеттік борыш 31,8 триллион теңге немесе жалпы ішкі өнімге 23,7%-ға жетті», деп хабарлады.
Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында қаржы министрі жалпы ішкі өнім 4,8 пайызға өскенін айтты. Жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуге мұнай секторының септігі көп екен.