Ақтөбеде 13 наурыздан бастап күн жылынады. Синоптиктер облыстың солтүстігі мен батысында жаңбыр жауады деп хабарлайды. Ал, 14-15 наурызда Ақтөбенің солтүстігі, шығысында аздаған жауын-шашын күтілуде.  17 наурызда солтүстік пен батыста тәулік бойы жаңбыр жаумақ. «Қазгидромет» РМК Ақтөбе облыстық филиалының мамандары таратқан ақпаратқа сүйенсек, күн жылынып, түнде ауа температурасы 2-7 градус нөлден жоғары болмақ. Күндізде +13 градус жылы болады деп күтілуде.