Бас прокуратура «Ақтөбе» футбол клубында қаржы жымқырылғанын хабарлады. Нәтижесінде клубтың 250 миллион теңгесі қолды болғаны анықталыпты. Ойыншылардың трансфері мен әуе тасымалдау бойынша күмәнде мәміле жасасқаны белгілі болды.
Сондай-ақ прокурорлар ойыншылардың тамақтануына арналған қаражат клуб қызметкерлерінің жеке қажетіне жұмсалыпты. Тексеріс нәтижесінде облыс прокуратурасы үш сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Қылмыстық кодекстің 189-бабының төртінші бөлігінің екінші тармағы (аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті жымқыру), 361-бабының төртінші бөлігінің бірінші тармағы (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) және 190-бабының төртінші бөлігінің екінші тармағы (алаяқтық) бойынша іс тергелуде. Қазіргі таңда қылмыстық істер тергеп-тексеру амалдарын жүргізу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жолданыпты.
Фото: pexels.com