Air Astana компаниясы Таяу Шығыстағы қақтығыстардың шиеленісуіне байланысты Дубай мен Дохаға ұшатын рейстерін тоқтатты. Әуе компаниясы 24 маусымда ұшуы керек Астана-Дубай-Астана, Алматы-Дубай-Алматы, Шымкент-Доха-Шымкент рейсін тоқтатқаны туралы хабарлады.

— КС205/206/Астана-Дубай-Астана КС897/898/Алматы-Дубай-Алматы KC551/552/Шымкент-Доха-Шымкент (чартер) Орындалмаған рейстердің жолаушыларына ақысыз қайта брондау немесе билетінің құнын толық қайтару ұсынылады. Air Astana әуе компаниясы жағдайды мұқият қадағалауда және жағдай жақсарған сайын рейстердің 25 маусымнан жаңғыртуын қарастырады, — делінген Air Astana компаниясының хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, 23 маусымда да Air Astana компаниясы Атырау-Дубай-Атырау, Астана-Дубай-Астана, Астана-Доха-Астана қаласына ұшатын рейстерді тоқтатқаны еді.