Мемлекет басшысы сегізінші қыркүйекте Парламент палатасының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арналған кезекті жолдауын жариялайды.
Қазақстанда жаңа саяси маусым басталмақ.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы президент екінші қыркүйекте «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына жолдауын жариялап, тиісті тапсырмаларды айшықтаған еді.