59 айыпталушыны Орал кәсіпкерлері жұмысқа алған
Ішкі істер министрлігінің пенитенциарлық және арнайы мекемелерінде 266 заңбұзушылық анықталған. Және сотталғандардың 5 рет конституциялық құқығы бұзылғаны белгілі болып отыр. Бұл облыс прокурорларының тексерісі нәтижесінде анықталған деректер. Кен орнын пайдаланушылардың да қоршаған ортаға келтірген залалы тыйылар емес.

Гумманизм идеясына орай облыс прокуратурасы сотталғандардың құқығы қорғалуын жіті бақылап отыр. Жыл басынан бері арнайы мекемелерде 1387 тексеріс болып, 266 заңбұзушылық анықталған. Жүйелі жұмыс темір торда отырғандардың арасында құқықбұзушылықтың 27%-ға азайғанына ықпал етті дейді прокурорлар. «Түрмедегі жұмыспен қамту – 2017» жобасы аясында 4 кәсіпкер 59 айыпталушыны жұмысқа алған. Сотталғандарға медициналық қызмет көрсетудің сапасында да біраз мәселелер бар.
- 45 заңбұзушылық анықталды. 10 прокурорлық ықпал ету актісі енгізілді. Бүгінде бір ұсыныс қаралды. Атап айтқанда, медициналық қызмет көрсетудің сапасы жөніндегі комитетіне 4 ескерту берілді. Дәрігерлік көмектің сапасы сотталғандардың конституциялық құқығын қорғаумен тікелей байланысты. Сондықтан бұл сұрақ біздің қадағалауымызда және жүйелі бақылауымызда, - БҚО прокурорының аға көмекшісі Темірлан ИСМАЙЫЛБАЕВ.
Ал табиғат қорғау прокуратурасы бес айдың ішінде 169 заңбұзушылық анықтаған. Соған сай тиісті шаралар қабылданды. Соның ішінде 18 тұлға тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылып, мемлекет кірісіне 850 млн теңге өндірілген. Бүгінде соттарда тағы 4 млрд теңге көлемінде табиғатқа келтірілген залалдың орнын толтыру туралы талап-арыздар қаралуда. Соның ішінде атмауаға және жерге зиянды аса қауіпті қалдықтарды төгу салдарынан келіп отыр.
Аса қауіпті тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды төгу бойынша 2 дерек анықталған. Оның бірі Ақсай қаласында және Орал қаласындағы қоқыс қалдықтары полигонында улы мұнай қалдықтарын төгіп кеткен. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Осы және басқа да олқылықтарды дер кезінде бақыламай, жол бергені үшін облыстық экология департаментінің басшысы К.Қапанов пен оның орынбасары Е.Сапаров ықпал ету актісі бойынша тәртіптік жауапкершіліке тартылған.