2014 жылдың 1 қыркүйегінен ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейінгі аралықта өңірде 2 млрд теңгенің жылжымайтын мүлкі заңдастырылған. Және банктер арқылы 1 млрд теңге көлеміндегі көлеңкедегі қаражатын жариялаған азаматтар бар. legalizaciya Науқан басталғалы күні бүгінге дейін жергілікті комиссияларға 427өтініш келіп түскен. Оның 130-ы құжаттары дұрыс болмағандықтан, кері қайтарылған. Нәтижесінде құны 2 млрд теңге болатын 292 жылжымайтын мүлік заңдастырылған. Соның ішінде 150-і - баспана санатындағы ғимараттар. Шетелдердегі мүліктерін жария еткен жерлестер де бар. - Шетелдердегі мүліктер бойынша құны 7,8 млн теңгеге тең барлығы үш өтінім қабылданды. Олар Ресей Федерациясында орналасқан пәтерлер мен тұрғын үйлер. Жалпы белсенділік жағынан Орал қаласының тұрғындары көш бастап тұр, дейді БҚО мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Тимур ТӨЛЕПОВ Ал ақшаны жариялау шарасына келсек, екі жылға жуық уақыт ішінде 23 жеке тұлға екінші деңгейлі банктер арқылы 1 млрд-қа жуық теңгені заңдастырған. 2014 жылдың қыркүйегінен бері батысқазақстандық 2 мыңнан астам адам комиссия көмегіне жүгінген. Бірақ көбінің құжаты талапқа сай болмай, не заңсыз болғандықтан өтініштер кері қайтарылған. Соның өзінде еліміз бойынша біздің өңірдің науқанға қатысу белсенділігі төмен. Ол үшін түсіндіру шаралары күшейтілмек. Сала мамандары келесі жылдан бастап жалпыға бірдей декларация талап етілгенде, жасырын мүліктің бәрібір жарыққа шығатынын айтады. Жауапқа тартылудың алдын алу үшін қазір мемлекеттің бұл мүмкіндігін ұтымды пайдаланған жөн. Мүлікті заңдастыру осы жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады. Мүлікті жария етуге жататын мүліктер: 1) ақша; 2) бағалы қағаздар; 3) заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі (бұдан әрі – қатысу үлесі); 4) оған құқық немесе ол бойынша мәмілелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын, басқа адамға ресімделген жылжымайтын мүлік (ғарыш объектілерінен және магистральдық құбырлардың желілік бөлігінен басқа); 5) құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ өздері орналасқан, жария ету субъектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар); 6) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған-орналасқан жылжымайтын мүлікті жария етуге жатады.
Арман Курманалиев