Қалада құрылысы жүріп жатқан көшелердегі ескі асфальт жабындысы енді әлеуметтік нысандар орналасқан жолдарға төселеді. Бұл тұрғындар мен әлеуметтік мекеме басшыларының арыз-шағымы негізінде жергілікті билік өкілдерінің қолға алған тың әдісі. remont-dorog «Саңыраулардың қазақ қоғамы» бірлестігінің Орал оқу-өндірістік кәсіпорны 80 жылдық тарихы бар ұжым. Бұл мылқау жандарға жұмыс беріп отырған облыстағы жалғыз заңды тұлға. Тек тігін цехында 40-қа жуық мылқау жан еңбек етеді.Бұдан басқа көлік жөндеу, ағаш жону, ұста шеберханалары мен баспа, дәмхана, құрылыс жұмыстарын жүргізіп, тапсырыс орындайды. Мекемедегі 80-ге жуық мылқау жанның түгелі – ІІІ топтағы мүгедектер. Алайда кәсіпорын орналасқан көшенің жолы 20 жылдан бері жөнделмеген еді. Жуырда қиыршақтас төселіп, жолымыз жақсарып, бір түйткіліміздің түйіні тарқады дейді мекеме басшысы. - Бұрын осы ғимаратқа кірудің өзі үлкен проблема еді. Бұдан бұрын болды жолсымақ. Бірақ ол түсіп кетті. Жаңбырда езіліп, қиындық тудыратын. Енді, міне, биыл сәтін салып, қалалық әкімдік үш-төрт күннің арасында осындай жол салып берді. Бұл біздер үшін үлкен проблеманың шешілгені, - дейді «Саңыраулардың қазақ қоғамы» бірлестігінің Орал оқу-өндірістік кәсіпорны директоры Мәлік КӨБЕЙСІНОВ. Бұлжергілікті билік қолға алған тың әдістің жемісі. Тарқатып айтсақ, ағымдағы жөндеуге енбеген аумақтарға қалада құрылысы жүріп жатқан көшелердің ескі асфальт жабындысы төселуде. Орал қаласында осындай әдіспен әлеуметтік нысандар орналасқан көшелер мен тұрғын үйге кіреберіс жол бөлігі жөнделетін болады. Бірінші кезекте мектеп, балабақша, аурухана секілді ғимараттардың есік алды тегістелмек. - Орал қаласы және БҚО әкімдіктерінің бастамасымен қазіргі күнде Достық даңғылы және Ықсанов көшесіндегі бұрнығы ескі асфальт алынып, 50ге тарта әлеуметік нысанға төсейміз, - дейді қалалық ТҮКШ бөлімі автомобиль жолдары секторының меңгерушісіЕржан ӘУБӘКІРОВ. Әлеуметтік нысандардың аумағымен қатар, ұжымдық өтініштер келіп түскенЗачаган кенті, «Жұлдыз» шағынаудандарындағы кіреберіс жолдар да қалпына келтіріледі. Жалпы биыл Орал қаласында 14 көшенің 20 шақырым жолы тақтайдай тегістелмек. Бұған түрлі қаржылық көздерден 2 миллиард теңге қаралған. Соның ішінде КПО б.в. компаниясы 9 көшені жаңартуға 1,5 млрд т қаржы бөлді.   Арман Курманалиев